Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Хоккейден Қазақстан кубогы аяқталды

Қазақстан кубогының финалында Қарағандының «Сарыарқасы» Өскеменнің «Торпедосымен» кездесті.

Сурет клубтың ресми парақшасынан

Қарағандыда өткен шешуші матчта өскемендік клуб 8:2 есебімен жеңіске жетіп, трофейді екінші жыл қатарынан иеленді.

«Сарыарқа» сапынан Александр Борисевич пен Кирилл Пономарёв гол соқты. Ал «Торпедо» құрамында Никита Колобов дубль жасап, командасының ірі жеңісіне үлес қосты.

Айта кетейік, өткен жылғы финалда да бұл командалар кездесіп, «Торпедо» 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Диас СЕРІҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button