Руханият

Төл тарихымыз барланған

   Бұл кітапта XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақстанда және Орта Азияда болған тарихи оқиғалар уақыт елегінен өткізіліп, қарастырылған. Қазақ хандығы аумағының қалыптасуына ықпал еткен Жоңғария, Қалмақ хандығы, Ресей мен Қытай туралы баяндалған. Сол кездің қайшылықты ақтаңдағы жеткілікті. Жазбаша деректер де тапшы. Сондықтан қазақ тарихындағы жауабын күтіп тұрған сұрақтар да аз емес.

    Сондай себеппен авторлар біраз жерлерді аралап, ел аумағында 20-дан астам автосаяхат жасады. «Қалмақ қырылған» деп аталатын жерлерді өз көздерімен көрді. Сондай-ақ, Ресей, Моңғолия, Қытай, Мажарстан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстанда болып, нақты деректерді қарастырады. Жиырма мыңнан астам фотосуреттер түсіріледі, 7 археологиялық маңызы бар жер тіркеледі. Жобаның бюджеті 40 млн. теңгеден асқан. Табылған деректер ескі карталармен, топонимикамен, қазақ жырлармен салғастырылады.

    Бұл кітапта саяхаттардың талдау қорытындысы жасалған, ауызша, жазбаша тарихи деректердің, тарихи жырлардың, тарихи жәдігерлердің, топонимиканың, физикалық географияның зерттелуі қамтылған. Бұл академия­лық ғылыми еңбек емес, мұнда шайқастар және батырлар туралы, сонымен бірге хандар, қонтайшылар, патшалар мен боғдыхандар жөнінде қызықтыратын әңгімелер жет­кілікті.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button