"Таза Қазақстан"АймақБұқар жырау
Аудан аумағы ажарлана түсті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 19 қыркүйекте Бұқар жырау ауданының аумағында елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Аталған жұмыстар барысында 600 дана жасыл желек отырғызылса, оның ішінде 450 дана ағаш және 150 дана бұта бар.
Бұл сенбілікке 220 ұжым және 2 000-нан астам адам қатысып, 50 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік қорытындысы бойынша 35 гектар аумақ тазартылып, 15 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылып, сондай-ақ 150 ағаш санитарлық мақсатта кесілді.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



