Бас тақырып

Құтқарушыларға – қуатты техника

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлеріне 23 арнайы техниканың кілтін табыс етті. Қарағанды, Теміртау,  Шахтинск қалалары мен Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарының гарнизондары табиғи өрттерді сөндіруге арналған жоғары өтімді бес тонналық автоцистерналарға ие болса, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарына пикаптар берілді.

Сурет: ҚР ТЖ министрлігінен

Сондай-ақ,  Қарағанды гарнизанына   қарда өтімділігі жоғары «Байкал», «Трэкол»  көліктері мен  «Jac»  маркалы шассиде шағын автобусы табысталды.

– Сіздердің жұмыстарыңыз қоғам үшін өте маңызды. Соңғы борандар мұны дәлелдеді. Өмірді құтқару, ТЖ алдын алу – басты міндет. Сондықтан республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл сайын арнайы техниканы жаңартуға тырысамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аймақтағы құтқару бөлімшелерін жарақтандыру жұмыстары жүйелі жүруде. Мәселен соңғы 8 жылда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 188 бірлік өрт және авариялық-құтқару техникасымен қамтамасыз етілсе, оның  104-і   облыстық бюджетен  сатып алынған.

– Өткен жылы облыстық бюджет есебінен  Балқашта өрт сөндіру депосы мен Қарағандыда құтқарушылардың оқу-жаттығу кешені салу, сондай-ақ Теміртау қаласында өрт сөндіру депосын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. 2024 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен 20 бірлік техника, оның ішінде 50 метрлік өрт сөндіру автосатырларын сатып алу жоспарлануда. Облыс басшылығына жыл сайынғы ауқымды қолдаулары үшін алғыс айтамыз, – деп атап өтті ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button