«Сібір жарасы»: Төртінші науқастан ауру белгілері табылған жоқ
Сібір жарасы анықталған Топар кентінен жеткізілген төртінші пациенттің талдау нәтижелерінен ауру белгілері анықталмаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ауру белгілерінің анықталмағанына қарамастан науқас профилактикалық ем алу үшін инфекциялық бөлімде тағы 5 күн болады.
Естеріңізге сала кетейік, Топар кентінде карантин жарияланды. Кентте тағы үш адамның дерт жұқтырғаны белгілі болды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz