АбайАймақБас тақырып

«Сібір жарасы»: науқастардың жағдайы ауыр

Топарда «Сібір жарасын» жұқтырған деген диагнозбен облыстық клиникалық ауруханаға түскен науқастардың жағдайы белгілі болды. Бұған дейін кентте карантин жарияланып, кіріп-шығуға тыйым салынған туралы жазған болатынбыз.

Сурет: Ашық дереккөз

Науқастардың жағдайы туралы облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының жетекшісі, Қарағанды медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ержан Жүнісов айтып берді.

– Біздің орталыққа «Сібір жарасы» деген диагнозбен төрт адам түсті. Оның үшеуінен «Сібір жарасы» анықталды. Біреуінің анализ қорытындысын күтіп отырмыз. Оның үшеуі де бір отбасының адамдары. Науқастың біреуі жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр. Науқастың жағдайына байланысты аймақтағы білікті дәрігерлердің қатысуымен республикалық консилиум өтті. Ал, екі науқас басқа бөлімде. Жағдайлары – орташа. Қазір тиісті ем-шаралар қолданылуда, – деді Ержан Жүнісов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button