Аймақ

Топар кенті карантинге жабылды

Топар ауылынан сібір жарасы анықталып, ауыл толық карантинге жабылды. Қазіргі уақытта Абай қаласының кіре берісінде полиция бекеті қойылып, санитарлық текеру жұмыстарын жүргізуде. Ал, ауылға Жартас жақтан кіретін екінші жол жабылды.

Сурет: Ашық дереккөз

Сонымен қатар, елді мекеннен мал және сүт өнімдерін алып кетуге немесе кіргізуге тыйым салынды. Мал союға және аумақтан жем-шөп тасуға да рұқсат жоқ.

– Ауру жергілікті жердегі шаруалардың бірінің малынан анықталды. Барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде, – делінген Топар кенті әкімдігінің хабарламасында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button