Поэзия

Шаштараз қызға

Шаштараз,

Алдыңа тағы келдім, шашты аларсыз,

Көңілге шаштан бұрын ой салар қыз?

Жеңілдеп, алдыңыздан қайтайын бір,

Шаш өсті, шыныменен еш сылтаусыз.

Нәзік саусақ, қою шаш арасына,

Терең кіріп сезімге барасың ба?

Неге екенін қалай да бұзылды ой,

Айнадан, қарап қойып қарасыңа…

Қос білек қозғалғанда бүкіл мүшең,

Сезбейсің-ау мен қандай күйге түсем…

Алдыңда ұйықтап кетсем өкінбес ем,

Кейбір сәт арасында тисе денең…

Шаш сылтау, шыныменен расында,

Өскенін тағы күтіп тұрасың ба?

Шаш емес, сүйреп жүрген сезім екен,

Сезімге, сезім қоспай тынасың ба..?

Жасайтын ойым да жоқ ұят бөтен,

Селкеусіз сезіміңнен күй ап кетем.

Өскен шаш, кешкен сезім – қияқ па екен,

Екі қол қайшыменен соған түскен,

Қып-қызыл оттың өзі сияқты екен.

Нәби БАЙТЕКОВ.

Алматы қаласы.

Басқа материалдар

Бір пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button