ЖаңалықтарРесми

«Заң мен тәртіп» аясында театрландырылған қойылым өтті

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2026 жылғы 20 қарашада Теміржолшылар мәдениет сарайында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған театрландырылған қойылым өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Қойылым барысында әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен цифрлық платформалар арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері көрсетілді.

Атап айтқанда, жалған аккаунттар, алаяқтық телефон қоңыраулары мен хабарламалар арқылы азаматтардың жеке деректерін иемдену және ақшалай қаражатын заңсыз жолмен алу әрекеттері сахналық көріністер арқылы бейнеленді.

Театрландырылған қойылым қатысушыларға күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларды түсінуге, күмәнді ұсыныстарды ажыратуға және интернет кеңістігінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.

Іс-шараның басты мақсаты – халықтың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button