Сенбіде қорытынды ауылшаруашылық шағын жәрмеңкесі өтеді
Қара күзден бері Қарағанды жұрты үшін дала дастарханы дәм ұсынып келген болатын. Жұрт сенбі сайын сөмкесін арқалап жәрмеңкеге асығушы еді. Себебі, ондағы өнімдердің бағасы да тиімді, құнарлылығыда жоғары-тын. Енді осы сенбіде қорытынды ауылшаруашылық шағын жәрмеңкесі өткізіледі.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер қаланың үш секторында ұйымдастырылады күтілуде. Біріншісі, қаланың Оңтүсті-Шығысындағы ««Global City» СОО Фермерлік орталығында өтсе, екіншісі Майқұдықтағы «Ұмай» сауда үйінде ұйымдастырылады. Және, Пришахтинск жұрты үшін қаладағы «Жастар» мәдениет үйінің жанында өтеді.
Айта кетейік, жәрмеңкелер таңертеңгі сағат 9:00-ден басталады. Онда ауыл шаруашылық өнімдері, ет-сүт және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz