Пікірлер

Саяси бағыт-бағдардың даңғыл жолын сілтеді

Елімізде аты жаман ажал індетінің тіршілік атауына қатері күн сайын артып барады. Шын мәнінде атамзатқа қатерлі оба екенің медицина ғылымының құдіреті күн сайын дәлелдеуде. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы отандастарына «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деп тебірене ағынан жарылды.

Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян.

Елбасының өмірлік ұстанымына айналған «бірлік, бейбітшілік, достық, ынтымақтастық» символдары өз мәнін жоймайды. Мақалада: «Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап мен ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық – достық шақырады» деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясат ұстандым» деп саяси бағыт-бағдардың даңғыл жолын сілтейді. 

Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған «Мәңгілік ел» болуы лайықты екенің модернизациялық жобасының басты табысының тірегіне айналды.

Эльмира АХМЕТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Back to top button