Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық су спорты шеберлері Азия ойындарында ел намысын қорғайды

19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында ХХ Азия ойындары өтеді. Құрлықтың басты спорт додасында Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының су спорты шеберлері де бақ сынайды.

Спортшы Ксения Игнатова жүзу бойынша және Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ясмин Туякова, Ксения Макарова, Карина Магрупова және Виктор Друзин әртістік жүзуден өнер көрсетеді.

Спортшылар үшін Азия ойындары – халықаралық аренадағы шеберлігін танытып, жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды бәсеке. Қарағандылық су спорты өкілдері Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, Сарыарқаның спорттық дәстүрін жалғастырады.

Айта кетейік, Айти–Нагоя-2026 Азия ойындары Жапонияда өтетін ірі халықаралық спорттық дода болмақ. Байрақты бәсекеде Азияның үздік спортшылары бас қосып, спорттың көптеген түрінен медальдар сарапқа салынады.

Қарағанды облысының спортшыларына жоғары нәтиже және жарқын жеңіс тілейміз!

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button