Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қазақстан боксшылары Азия ойындарына дайындықты бастады
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Жапонияның Нагоя қаласына келіп жетті. Ұлттық құрама Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңіне кірісті.

Нагояда бірнеше мемлекеттің үздік боксшыларының қатысуымен онкүндік оқу-жаттығу жиыны өтеді. Қазақстан құрамасы жарысқа үлкен құраммен аттанды. Әр салмақ дәрежесінде 1-3 нөмірлі спортшылар ел намысын қорғауға дайындалады.
Айта кетейік, Азия ойындарындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйекте басталады. Ал жеребе тарту рәсімі 20 қыркүйекке жоспарланған. Турнирдің ақтық жекпе-жектері 2 қазанда өтеді.
Биылғы додаға Азияның 34 елінен 200-ге жуық боксшы қатысып, жүлделерді сарапқа салады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz





