Бас тақырыпСпорт

Қазақстанның атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын – Рыбакина

US Open турнирінде журналистерге сұхбат берген Елена Рыбакина Қазақстан туралы айтып, өз сезімін бөлісті. Рыбакина “бұл жай ғана жеңіс емес, Қазақстан спорты үшін тарихи әрі мақтанышқа толы сәт” екенін атап өтті. 

Сурет Қазақстан теннис федерациясынан

Теннисші Қазақстанға әр сапарында елдің қай қаласына барса да, оны балаларға лық толы теннис корттары қарсы алатынын жылы ықыласпен еске алды.

– Сенің тұтас бір ұрпаққа шабыт беріп жатқаныңды көру керемет сезім, – деді Елена Рыбакина.

Ол бұл жағдай көп еңбектенсең, армандардың орындалатынының нақты дәлелі екенін айтып, турнирлерге байланысты елде жиі бола алмаса да, Қазақстанға оралуын асыға күтетінін атап өтті. Ол өзін қолдап отырған еліне жеке өзі «рақмет» айтқысы келеді. Теннисші Қазақстанның қолдауын телефонындағы құттықтауларды ашып үлгермей жатып-ақ сезінетінін жеткізді.

Кейін Рыбакина Instagram парақшасында бұл жеңісі туралы жазды.

– Сіздер сенсеңіздер, бәрі мүмкін! Қазақстанның атынан өнер көрсететінімді және осы елдің атынан әлемнің бірінші ракеткасы атанып, тарих жасап жатқанымды мақтан тұтамын, – деп жазды ол.

Бұған дейін Президент Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтағанын жазғанбыз.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button