Бас тақырыпАймақ

Қарағандыда ауа райы неге күрт жылынды?

Қарағанды тұрғындары күздің алғашқы айына қарамастан, жаздағыдай жылы ауа райын сезінуде. 10 қыркүйекте, қалада ауа температурасы күндіз +29…+31 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын күтілмейді.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Синоптиктер болжамы мұндай жылыну бірнеше күн сақталатынын айтты. 11 қыркүйекте де Қарағандыда күндіз ауа температурасы +29…+31 градус шамасында болады. Ал 12 қыркүйектен бастап температура біртіндеп төмендей бастайды.

Қазіргі жылы ауа райына оңтүстік-шығыстан келетін жылы ауа массалары әсер етіп отыр. Бүгін қалада желдің жылдамдығы 3-8 м/с аралығында болады. Ауа райының құрғақ болуы да күннің ыстығын анық сезінуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қыркүйек айында мұндай қысқа мерзімді жылыну қалыпты құбылыс саналады. Күз басталғанымен, ауа температурасы бірден төмендеп кетпейді. Жылы ауа массаларының келуі нәтижесінде бірнеше күнге «қайта жаз» орнауы мүмкін.

Алдағы күндері Қарағандыда салқын ауа райы қайта орнығады. 12 қыркүйекте күндіз шамамен +26 градус, кейін температура +20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button