Білім

Саран қаласындағы №6 мектепте мемлекеттік тілде білім беретін сынып ашылды

Саран қаласындағы жалпы білім беретін №6 орыс мектебінде мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы бірінші сынып пен даярлық тобының салтанатты ашылуы өтті.

Сурет: №6 орыс мектебінен

Естеріңізде болса, былтыр Саран қаласындағы балабақшалар мен білім ошақтарында мемлекеттік тілде білім беретін сыныптар мен топтарда орын тапшылығы туралы ата-аналар дабыл қағып, наразылық шаралары туындаған болатын.

№6 мектептен ашылып отырған қазақ сыныбы сол олқылықтың орнын толтырып отыр. Егер бұрын шағын аудан тұрғындары қаланың басқа мектептеріне балаларын тасуға мәжбүр болса, қазір мектепке жаяу бара алады.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ашылған мектептің тарихы терең. Сонымен қатар, бұл мектеп – Саран қаласындағы ең үлкен білім беру мекемесі. Бүгінгі таңда бұл мектепте 1143 оқушы білім алады. Жаңадан ашылған бірінші сыныпта 13 оқушы және даярлық тобында 24 бүлдіршін оқиды.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button