Сайлау – 2021Ұлытау
Сайлаушылар белсенділігі — жоғары
Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылдық округіндегі сайлау учаскесі белгіленген уақытында ашылды. Салтанатты рәсімде ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Ерлан Какенов халықтың жергілікті басшыны тікелей сайлау мүмкіндігін иеленуі үлкен бетбұрыс екенін атап өтті.
Сайлау үдерісі қалыпты арнада өтуде. Сайлаушылар саны — 237 адам.
-Реттілік пен қоғамдық тәртіп, санитарлық талаптар сақталуда. Тіркелген үш бақылаушы өз міндеттерін мінсіз атқарып отыр. Ең бастысы, сайлаушылар белсенділігі – жоғары, – дейді сайлау учаскесінің мүшелері.