Ұлытау

Ұлытауда бизнестің өңірлік мәселелері талқыланды

25 тамызда «Аманат» партиясы ғимаратының мәжіліс залында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Тимур Нақыпбеков пен Ұлытау облысының әкімі Ұлытау өңірінің бизнес-қоғамдастығымен кездесті.

өңірлік бизнес
Ашық дереккөз

Кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды. Жиынға «Ұлытау» Қазақстан ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Абзалбек Мулахов, Жезқазған өңірі кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қауымдастығының төрайымы Лариса Гелисханова, Жезқазған қалалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Думан Жаманов, ҰКП Өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры Әлібек Әшметов, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, аумақтық және жергілікті атқарушы органдар, даму институттары, бизнес-қауымдастықтардың басшылары, сондай-ақ облыс кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық өкілдігі облыс кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, өзекті мәселелерді анықтау жұмыстарын жүргізді. Бизнес-қоғамдастық, заңгерлер және заңгерлік қауымдастықтармен алдын ала кіріспе кездесулердің нәтижелері бойынша түйткілді мәселелер мен ұсыныстар пулы қалыптасты.

Ұлытау өңірінің құрылуы өңірдің дамуына тың серпін беруде. Қазіргі кезде ШОБ нарықтық экономиканың негізгі буыны болып отыр. Кәсіпкерлік бастама тұтынушыға көңіл бөле отырып, әрқашан сұраныс пайда болған жерге ұмтылады да, нарық сұранысын қанағаттандырмайтын салаларды назарға алмайды.

Осылайша, оңтайлы экономикалық қатынас қалыптасып, қолдау табады.

Бүгінде облыста 14 619 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 9 мыңға жуығы жеке кәсіпкер, 3 мыңы – шаруа қожалықтары.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесмендердің алдында тұрған өңірдің ең өзекті мәселелерін айтты:

– аймақта құрылыс кластерін құру;

-өңірдегі туризмнің даму перспективалары;

– мемлекеттік сатып алудағы түйткілді мәселелер;

– тауар өндірушілерге салық салуді жеңілдету бойынша ұсыныстар;

-құрылыс материалдарының бағасын индекстеу;

-облыста мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру.

Ұлттық палата мен әкімдік өкілдері де осы мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді. Мәселелердің бір бөлігі мемлекеттік органдар деңгейінде көтеріледі.

Қазір Үкімет бизнес мәселелерін талқылау алаңын құрды, онда «Атамекен» ҰКП аптасына екі рет мемлекеттік органдар деңгейінде шешуді қажет ететін өзекті және жүйелі проблемаларды айтады. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша олардың шешімі ерекше бақылауда. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында ҰКП қолданыстағы заңнамалық актілерді реформалау бойынша жүйелі жұмыстарға белсене қатысады.

Ұлытау өңірінің кәсіпкерлері бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын құрудағы бұл тәсілді қолдады. Бүгінгі таңда бизнес қоғамдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтетін кездесулер бизнес үшін өте маңызды: олар өзара іс-қимылдың нақты механизмін құруға және мемлекеттік органдармен бірлесіп бизнес мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Тараптар бірлескен жобалар мен форумдар, конференциялар, тренингтер сияқты ортақ іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін тұрақты кездесулер өткізуге келісті.

Басқа материалдар

Back to top button