Бас тақырыпМәселе

Сүт өңдеуші кәсіпорындар жабылып қалуы мүмкін

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіп кешені кеңесінің кезекті отырысында түйткілді мәселе талқыланды.

Сүт өңдеуші кәсіпорын

«Егер өңірдегі жағдай өзгермесе, онда сүт өнімдерін өндірушілердің өндіріс айналымын төмендетуге мәжбүр болмақ» деген Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Игорь Жабяк, тіпті, алдағы уақытта сүт өңдеуші кәсіпорындар жабылып қалады деген күдігін де жеткізді. Сүттің тапшылығы елімізде де байқалып отырғандығын да тілге тиек етті.

Ал, сүт өңдеуші кәсіпорын иелері сүт тапсыру деңгейінің төмендеп кеткенін айтып отыр.

– Облыста ірі қара саны – 646 мың. Оның 260 мыңы – сүтті сиыр. Аймақта асыл тұқымды сүтті бағыттағы 13 субъекті бар. Статистиканың қаңтардағы дерегінше, сүт бағыттағы 1496 бас асыл тұқымды сиыр бар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110% құрады. 1 шілдедегі сүт өндірісі 216 мың тоннаға жетіп, салыстырмалы түрде 1,6%-ға өскен. Сүт өндіру барлық аудан-қалаларға тиесілі, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Төлеубеков.

Сонымен қатар, аймақта сүт өндірісінің азайып кеткенін де жоққа шығармады.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Автордың «Ет экспорты мен сүт импорты: таразы басы тең емес» атты мақаласынан.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button