Қарағанды облысында демалыс күндері жаңбыр жауып, тұман түседі

Бүгін, 20 қарашада, түнде ауа температурасы -3…+2 градус, облыстың шығысында -7 градусқа дейін төмендейді. Аймақтың батысы пен шығысында жаңбыр және қар жауады. Солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Кей аудандарда тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін көтеріліп, облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.
21 қарашада түнде сынап бағанасы 0…-5 градус, солтүстік-шығыста -10 градусқа дейін төмендейді.Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы +3…+8 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ал жексенбі, 22 қарашада, түнде ауа температурасы -3…+2 градус, оңтүстікте +5 градус шамасында болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Кей аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы +5…+10 градусқа дейін көтеріледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.



