Облыс әкімі

Құрылыс жұмыстарымен танысты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ Жезқазған қаласында және Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Асылбек Дүйсебаев Жезқазған қаласындағы №3 өтпежолды қайта жабдықтау барысымен танысты. Осы жылдың шілдесінде басталған мұндағы жұмыстарды қарашада аяқтау жоспарланған. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 96,5 миллион теңге.

Сондай-ақ, Асылбек Дүйсебаев жаңадан салынып жатқан 320 орындық балабақшаның құрылысын да көрді. Әлеуметтік нысанның құрылысы осы жылдың қазан айында аяқталады деген жоспар бар. Оның құрылысын жүргізуге 816,2 миллион теңге қаражат бөлінген.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары аралап көрген келесі нысан – облыстық маңызы бар автомобиль жолының Ұлытау ауданы Қарсақбай кентіне баратын учаскесіндегі жөндеу жұмыстары.

Бұл бағыт шалғайдағы елді мекендерді аудан орталығы – Ұлытау кентімен және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісімен жалғайтын жалғыз бағыт. Мұнда екі учаске бойынша жөндеу жүргізілуде. Бірі – 47 шақырымдық асфальтті жабуы бар жол учаскесі, енді бірі – 17 шақырымдық қиыршық тасты жабуы бар жол учаскесі.

Бұл учаскелерді жөндеу өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі үздіксіз жол қатынасын реттеуге мүмкіндік береді.

Асылбек Жексенбайұлы 1928 жылы салынған Қарсақбай металлургиялық зауытына да ат басын бұрды. Кәсіпорын металл өңдеу жұмысын жолға қойған. Өндіріс қуаттылығы – жылына 350 тонна. 253 адам жұмыс істейтін зауыт Ұлытау ауданын электр энергиясымен, жылуымен және сумен қамтамасыз етіп отыр.

Сапар қорытындысында жөн­деу жұмыстарының мерзімге сәйкес және сапалы орындалуы бойынша бірнеше тапсырма жүктелді.

Бұған қоса, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қарсақбай кентінде Қ.Сәтбаевтың 70 жылдығына 1969 жылы ұйым­дастырылған мұражай үйін де аралап көрді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button