Рухани сәулеткер

       Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет қашанда арта береді.

     Өзімнің ұстаздық жолды қалауыма мектепте оқып жүргенде орыс тілі пәнінен сабақ берген Бәтес Ашенованың ықпалы зор болды. Бәтес Ғабдоллақызы оқушыға да жоғары талап қоя білетін. Сондықтан, оқушылар орыс тілі пәніне тиянақты дайындалатын. Ал, Бәтес Ғабдоллақызы теледидардан көрсететін қойылымдарды баяндап айтқанда, бейне бір сахна төріндегі әртістей құлпырып кететін, ал біз өзімізді театрда отырғандай сезінетінбіз. Міне, мұғалім құдіреті…

     Мектепте жұмыс істей жүріп, ұжымнан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды үйрендім.

     Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім қазынасын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім – рухани сәулеткер. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Баян БАЙСЕРКИНА,

16 жалпы білім беретін лингвистикалық бағыттағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.