Облыс әкімі

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Спорт күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз экономика мен қоғамның дамуында айтарлықтай үлестерге қол жеткізді. Мұнда маңызды рөлдің бірін спорт иеленеді.

Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев денсаулығы зор ұлт қана бәсекеге қабілетті болатынын бірнеше рет атап өтті, ал, спорт – бірінші кезекте, Қазақстанның абыройы мен келбеті!

Сол себепті де, Қарағанды облысында заманауи талаптарға сай жаңа спорттық құрылымдардың және кешендердің құрылысы белсенді, саламатты өмір салтын насихаттайтын бастамаларға қолдау білдіріп келеміз. Жыл сайын жаңа сауықтыру орталықтарды және клубтарды ашуға, спорт мектеп құрылымдарын тұрғызуға көптеп қаражат бөлінуде.

Қарағанды облысы өзінің спорттық жетістіктерімен даңқты. Біздің спортшыларымыздың айтулы біріншіліктерде, республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістері аймағымызға қуаныш, зор мерей, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде – негіз. Сонымен қатар, біздің өңір түрлі спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық байқауларды өткізудің бірнеше дүркін алаңы болып келеді.

Құрметті достар!

Бұл мерекені қазақстандық спортшылар еліміздің абыройын лайықты қорғаған жазғы ХХХІ Олимпиада ойындары мәреге жетер қарсаңда атап өтіп отырмыз. Еліміздің 104 спортшысының қатарында 11-і Қарағанды облысының спортшылары екені ерекше қуантады.

Еліміз спортшыларын мақтан тұтады, біздің жерлестеріміздің спорттық жеңістері жыл сайын арта түсеріне біз бек сенімдіміз. Өйткені, әрбір медаль – бұл Қазақстанның мәртебесі, үлкен спортқа қадам жасап отырған өскелең ұрпаққа лайықты мысал.

Бүгінгі күні осы салаға ғұмырын арнаған, қазақстандық спортшылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеген ардагерлерге айтар алғысымыз шексіз.

Баршаңызға зор денсаулық, өз күш-қуаттарыңыз бен жемістеріңізге сенім тілейміз.

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button