Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ФИЛАНТРОП ТҮРКІСТАН АТАУЫНА ӨЗ ОЙЫН БІЛДІРДІ

Түркістан облыс орталығы ретінде шағын және орта бизнестің дамуына жол ашады. Мұндай пікірді отандық танымал кәсіпкер және профессор Оралбек Ботбай білдірді, деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі.

«Бұл бәріміздің көптен күткен тарихи шешім. Осындай аумалы-төкпелі алмағайып заманда Елбасы Н.Ә.Назарбаев көреген шешім қабылдап, миллион тұрғыны бар облыс орталығын Түркістанға көшіргенін қуана қабылдадық. Кәсіпкерлікпен айналысып, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға тың мүмкіндіктер ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сондай-ақ, киелі қалада әуе байланысы жолға қойылып, күллі түркі жұртына ортақ сакральды орындарға келуші туристердің саны арта түседі. Әрине, бұл – шағын және орта бизнес өкілдеріне таптырмас мүмкіндік», – деді белгілі филантроп.

Осы ретте Оралбек Қожамжарұлы Түркістанның облыс орталығы болуының өзге де маңызды тұстарын атап өтті.

«Кезінде қазақ хандарының құт мекені болған Түркістанның облыс орталығы болғаны бізге жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді мойнымызға жүктейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сөз болған сананың өзгеруі мен туған жерге тағзым осы өлкенің тұрғындарына, тарихшыларға және біз секілді ел экономикасына инвестиция тартып жүрген кәсіпкерлерге жаңа міндеттерді жүктейді. Жуырда, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы өзім туып-өскен Қошқар Ата ауылы мен Ақтау қаласына қытайлық инвесторлармен бірлесіп, күн энергиясынан қуат алатын көше шамдарын орнатып жатырмыз. Болашақта мүмкіндік болып жатса Түркістан қаласына да шетелдік инвесторларды тартып, ел игілігі үшін қызмет ету жоспарымызда», – деп О.Ботбай өз ойын қорытындылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button