АймақЖаңалықтар

Осакаров ауданында қар құрсауында қалған тоғыз адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Осакаров ауданы, Қарағайлы ауылынан 10 шақырым жерде 3 жолаушылар көлігі қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 9 адамды, оның ішінде 4 баланы ең жақын жылыну нүктесіне дейін жеткізген. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Сурет:ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге боранды күндері сапарларын кейінге қалдыруды, сондай-ақ қатты жел мен басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button