Бас тақырып

Орындалмаған уәде, қар құрсауындағы қала

Боран басылды, толассыз жауып жатқан қар да жоқ. Бірақ, Қарағанды қаласының негізгі көшелері қардан тазаланғанымен, үйлердің ауласына кіретін жолдар мен аулаларды әлі қар басып жатыр.

Жауапты мекемелер үлгере алмай жатырмыз деген соң, халық жаппай қолдарына күрек алып, қар тазалауға шығып кетті. «Көп түкірсе – көл», табиғаттың қытымыр мінезі ғой, – деген түсіністікпен «челлендж» ұйымдастырып, оның да бетін қайтардық.

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров көшелерді бір жайлы қылған соң, аулалардың қарын «жылан жалағандай қыламыз», ол үшін ақша да бөлінді деп, үйіп-төгіп, облыс әкіміне уәде берсе де, үйілген қар сол қалпы. Жағдайы жеткені селбесіп, арнайы көлік жалдап, аулаларын қардан аршып алса, жағдайы жетпегені, қардың астында әлі жатыр.

 Боранның толастағанына оншақты күн болды. Содан бері аулалардың қарын тиеп әкетпесе де, көлік пен жүргіншілер жолын тазалап қоюға толық мүмкіндік болды. Алайда, үй-үйдің арасындағы қар тау-тау болып әлі үйіліп жатыр.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button