Бас тақырып

Онлайн-диктант: Қазақ тілін сүй, қатесіз жаз

Stan.kz сайты биыл төртінші мәрте қазақша онлайн-диктант ұйымдастырып жатыр. Жазба жұмысына бүгін кешкі сағат 21:00-ге дейін қатысуға болады. Айта кетейік, бұл шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі мен Dauletten қайырымдылық қоры қолдау көрсетіп отыр. Диктантты онлайн белгілі журналист, тележүргізуші Ғалым Қалмен оқиды.

Онлайн-диктант – сіз білетін бұрынғы диктанттың түрленген нұсқасы. Ескі ережелерге жаңа мүмкіндіктер қосылды. Бұл диктантты жазу үшін интернетіңіздің болғаны жеткілікті

Ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылардың арасында 10 адамға 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық үлестірілмек. Сонымен қатар, кездейсоқ таңдалған ең үздік 10 қатысушы Stan.kz-тен сыйлық алады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.
Сурет пен видео stan.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button