Жаңалықтар

Ойы орамды оқулық

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан игілікті істер аз емес. Мәселен, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қарқынды жүзеге асырылып отыр. Сол оқулықтардың бірі әрі бірегейі – Дуэйн Щульц, Синди Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» оқулығы. Аталған кітап 15 тараудан тұрады.

Көрнекі сурет

Бұл кітап қазақ тіліне аударылған санаулы кітаптар арасында ерекше орын алады. Психологияның пән ретінде қалыптаса бастауының және ондағы ағымдар мен көзқарастардың, сондайақ, психологияның дамуына үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен оларға айтылған сын-пікірлер берілген оқулықта осы саладағы соңғы жаңалықтар да қамтылған. Яғни, ғылым саласының өзіндік даму тарихы бар.

Қазіргі психология тарихы – бұл психологияның үздіксіз дамуының көрсеткіші. Дамуы тереңнен бастау алған психологияның дамуы осы ғылымның тарихын танудан, оның тарихын зерделеуге негізделеді.

Қазіргі психология ғылымының тарихы, аталған ғылым саласының дамуы мен қалыптасуы ғасырларға созылған. Психология тарихы көптеген салаларды, сондай-ақ, сан алуан ойлар мен көзқарастарға толы әрі сан салалы пікірлерден тұрады. Психология тарихымен танысу – бүгінгі психологияның дамуын мен оның өзекті мәселелері туралы ой қозғауға негіз екені белгілі.

Оқулықта әлемнің танымал оқымыстыларының өмір жолы, өзіндік ғылыми тұжырымдары мен ойлары туралы ой қозғалады. Психология саласында қызмет ететіндер, осы мамандық бойынша білім беретін жоғары оқу орны оқытушылары және студенттер үшін ерекше қажетті оқулық. Қазақ тіліне аударуға ұсынылған оқулықтар арасынан «Қазіргі психология тарихы» оқулығының орын алуы орынды шешім.

Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың түпнұсқа дәрістері оқырмандар үшін құнды дүние. Аталған еңбектің ойы орамды, тілі шұрайлы. Оқырман жүрегінен орын алатын құнды дүние ретінде танымал болары анық.

 С.НҰРҒАЛИЕВА,

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың психология кафедрасының аға оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button