Бас тақырыпҚарағанды

Қоғамдық көлікте – жаңашыл жүйе

Қарағандыдағы қоғамдық көліктердегі жолақы төлеу механизмі сәуір айынан бастап электронды жүйеге көшіріледі. Қазіргі таңда сол мақсатта автобустарға арнайы терминалдар орнатылуда.

 

Жаңашыл жүйенің қолданысқа енуін қала тұрғындарының басым көпшілігі қолдап отыр. Жаңа тәсіл жолаушылардың кондуктормен қарым-қатынасын шектейді. Тұрғындардың айтуынша, кейбір кондукторлардың қызмет көрсету мәдениеті жолаушылардың жүйкесін тоздырады екен.

Ал, қоғамдық көлік қызметкерлерін «жұмыссыз қаламын ба?» деген сауал алаңдататын сыңайлы. Тиісті тараптың мәлімдеуінше, қызметіне жауапты, тәжірибелі мамандар жолақы төлеу тәртібі өзгергенде жолаушылар тасымалын бақылауға жауапты болмақ.

Осы ретте қолында арнайы картасы жоқ жолаушылар жолақыны терминалға қолма-қол енгізе алатынын айта кету керек. Ақы төлемегендерге айыппұл салу тәртібі де қарастырылады.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button