Нұра

Науқан аяқталуға жақын

 Көктемнің қолайлы әр күнін тиімді пайдаланған Нұра диқаншылары егіс науқанын абыроймен аяқтап та қалды. Осы жауапты істі жоғары деңгейде ұйымдастыра білген дала шеберлері жалпы аудан бойынша 242 мың гектар егіс көлемінің 90%-ына ұтымды агротехникалық мерзімде дәнді-дақылдар екті.

Егіс науқанына қажетті 47 егіс кешені, 1300 тұқым себетін техника, 1214 трактор таң атып, кеш батқанша дала жұмыстарына тартылды.

«Шахтерское» серіктестігі – 36520 гектар, «Қайнар» – 35669 гектар, «Жараспай» – 15667 гектар, «Черниговское» – 9820 гектар көлемінде егін егіп, көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай аяқтап шықты. Осы еңбек ұжымдарына көп жылдан басшылық етіп келе жатқан – еліміздің ардақты азаматтары Г.Пр­окоп, С.Нығметов, С.Қоңырбаев, Н.Литвиненко. Ал, жалпы аудан бойынша көктемгі дала жұмыстары 1 маусымда толық аяқталады.

Осындай қарқынды жұмысқа жұдырықтай жұмылған нұралықтар биылғы жылы да берекелі табысқа жетуді көздеп отыр.

Сүлейман САТЫБАЛДИН.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button