Бас тақырып

«Нұр-Сұлтан» теміржол станциясының атауы өзгереді

«Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол станцияларының атауы өзгереді. Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;

Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.

Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді:

Жетісу облысы:

«БП Алматы бөлімшесі» филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне;

Қызылорда облысы:

Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;

Маңғыстау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;

Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

Атырау облысы:

Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button