Бас тақырып

Моңғолияда оқылған мақала

Газетіміздің 4 ақпандағы №14 санында «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі, тәжірибелі журналист Ержан Имаштың «Атажұртқа алып келген сағыныш» атты мақаласы жарық көрген еді. Мақала кейіпкері – Моңғолияның бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Зарыққан Бағылатұлы қазір Топар кентінде тұрады. Өмірінің 40 жылын бір мемлекеттің өсіп-өркендеуіне сарп қылған тұлғаның өнегелі ғұмыры оқырманын ойлантпай қоймасы анық.

Зарыққан ақсақалдың тағдырынан сыр шерткен мазмұнды мақаланы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының радиосы ақпанның 18 жұлдызы, сенбілік кезекті хабарында «Хаттар қоржыны» деген айдарында оқып берді.

– Қадірменді радио тыңдаушылар! Енді қазақстандық қаламгер Ержан Имаштың жерлесіміз, қоғам қайраткері Зарыққан Бағылатұлы туралы жазылған «Ата жұртқа алып келген сағыныш» атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз, – дей келе, диктор мақаланы мәнерлеп тыңдарманға толық жеткізді.

Радиохабар редакторлары – Жарқын Бәкелқызы, Ербақыт Нұсіпұлы. Мақаланы дыбыстаған диктор – Жасқайрат Белейұлы.

«Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымы Баян-Өлгей аймағы радиосының қызметкерлеріне әріптестік қолдауы үшін алғысын білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button