Ресми

Металлургтер марапатталды

Металлургтер күнінде «Qarmet» АҚ компаниясында ұзақ жылдар жұмыс істеген әрі елдің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына үлес қосқан біршама қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде жетеуі – «Құрмет», 11-і – III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Одан бөлек 13 қызметкерге – «Ерен еңбегі үшін» медалі, жеті қызметкерге – ҚР Президентінің Құрмет грамотасы табысталды. Бұл марапаттарды аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды.

Суреттер мен видео облыс әкімдігінің сайтынан

– Бұл салада еңбек еткен қызметкерл мен ардагерлердің еңбегі зор. Алдыңғы буын өкілдерінің еңбегінің арқасында бүгінде қазақстандық металлургияның алғашқы алпауытына айналды. Біздің комбинат Қазақстанда шығатын болаттың басым үлесін өндіреді.  Сонымен қатар, комбинат Қазақстанда өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің 25%-ын қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір отбасы, әрбір тұрғын Қазақстандық Магнитканың дамуына үлес қосуда, – деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысынан кейін металлургтерді Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев те құттықтады.

– Металлургтер күні – бұл комбинаттың ұлы тарихына қаныққан нағыз ерліктің, күштің, өмірлік энергияның мерекесі. Мемлекет басшысы қызметкерлеріміздің еңбегін осылай жоғары бағалағаны біз үшін өте маңызды. Бүгін Qarmet-тің жаңа дәуірі, нағыз қайта жандану дәуірі басталады, – деді ол.

Марапат иелерінің қатарында талай жылдан бері қызмет істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар да, үздік жас мамандар да бар. Солардың қатарында Владимир Филиппов та бар. Ол, осы жерде жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасырға жуық уақыт болыпты.

Алғаш жұмысқа келген шағында қарапайым жұмыскер болып қабылданған. Содан бері жұмыстың ауырынан да, қиынынан да қашпай, барлық жолдан өткен. Бүгінде ол жоспарлау және жедел басқару жөніндегі директоры лауазымында отыр

– Мектептен кейін бірден әкем мені комбинатқа алып келді. Содан кейін үш жыл әскерге барып қайттым. Әскерден кейін комбинатқа қайта келіп, үздіксіз өңдеу қондырғыларын басқару постының операторы болып жұмысқа тұрдым. Жұмыс істеп жүріп жоғары оқу орнының кешкі бөлімінде оқыдым, Еңбегімді бағалағанына қуаныштымын. Барлық металлургтерді мерекесімен құттықтаймын, – деді Владимир Филиппов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button