АймақБалқаш

«Металлург» добы – музейде

Қазақстан футболының тарихында ерекше есімі қалған Балқаштың «Металлург» футбол құрама командасының алаңда ойнаған былғары добы Балқаш тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Көне жәдігерді бір уақытта футбол клубының мүшелері тапсырған екен.

– Балқаш футболшыларының бір кездері мықты командасы туралы естеліктер әлі күнге дейін айтылып келеді. Аталмыш футбол клубы 1949 жылы құрылған екен. Сол жылы мықтылық танытып, ақтық сында өнер көрсеткен. Қаз КСР біріншілігінің бірінші лигасының екінші эшелонында ойнайтын өз футбол клубы болған кезі болды. 1951 жылғы 24 қазанда «Металлург» стадионында Шымкент командасымен кездесіп, балқаштықтар үздік екендігін танытқан. Сонда жүлденің әр көшірмесі команданың мүшелері: Владимир Егоров, Михаил Сафронов, Петр Голубев, Иван Толстохноженко, Ермек Төлебаев, Владимир Комар, Григорий Корниенко, Леонид Кочурин, Михаил Мигай, Виктор Бисунов, Александр Бутавин сияқты спорт саңлақтарына тапсырылған көрінеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында миллиондаған адамдардың сүйікті ойыны біздің қаламызда өтті. «Металлург» командасы кейінгі жылы қайта жасақталып, Серікбол Бектұрғанов футболдың дамуына зор еңбек сіңірді, – дейді музей қызметкері Асыл Серікқызы.

Айта кетейік, бізге жеткен деректерге сүйенсек, «Металлург» командасы 1950 жылы футболдан облыстық кубок үшін болған ойында бірінші орын, республикалық кубокқа өткен 19 команда ішінде екінші орынды еншілеген. 1971 жылы Қазақ КСР чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар, 1990 жылы 2 лига республикамыздың 8 аймағында өткен кездесуде үздіктер қатарынан көрінген. 2015 жылы Қарағанды облысының әуесқой командалар арасындағы чемпионатында III орынды еншілеген. Сондай-ақ, балқаштық футболшылар Қарағанды облысының біріншілігінде ересектер командасында ойнап, ел намысын қорғаған.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button