Жаңаарқа

Маңызды кездесу

    Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мəслихат депутаты, белгілі меценат Бекзат АЛТЫНБЕКОВ Жаңаарқа ауданында іссапармен болды.

Сапар барысында Бекзат Қомарұлы С.Сейфуллин атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан жұртшылығымен жүздесіп, Мемлекет басшысының “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бəсекеге қабілеттілік” атты Жолдауының мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Екіжақты терең түсіністік негізінде өрбіген әңгіме кезінде Елбасы Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген аса құнды құжаттағы басты бағыттар кең тұрғыда талқыланды. Облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі кездесуге қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға да орнықты әрі жүйелі жауаптар берді.

Маңызы зор басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов діни экстремизмнің алдын алу шараларына қатысты баяндама жасап, тұрғындар назарына бүгінгі күні әлеуметтік желі арқылы жастар келешегіне қатер төндіріп тұрған қауіпті ойындар туралы нақты деректерге негізделген мәліметтерді ұсынды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button