Үлкен жүрек – үкіметтік емес ұйымдарда

Азаматтық институттардың қалыптасуында үкіметтік емес сектордың  үлесі зор. Оны  бүгін қоғам тұрмыс-тіршілігінде айқын сезініп келеді. Өйткені елімізде үкіметті емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілгеннен бері бұл ұйымдар билік пен бұқара арасындағы дәнекерге айналған. Тәуелсіз жүріп, толағай жұмыс тындырды. Түрлі әлеуметтік топтың әр алуан мәселесін шешуде  жұдырықтай жұмыла білген  мұндай ұйымдардың ерен еңбегіне жалпақ жұрт куә. Кеше Қарағандыда еліміздің түкпір-түкпірінде тең қоғам үшін тынымсыз еңбек еткен осынау  ұйым өкілдері жиналды. Ұлы істерге ұйытқы болған оларға республикалық сыйлықақы табысталды. Атаулы шараға   Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысып, лебізін білдірді. 

Әлеуметтік бастамашыларға сыйлық 

Үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы оларды ынталандыру тетігі ретінде 2017 жылдан бастап беріліп келеді. Бұл аталған ұйымдардың әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі қосқан үлесі үшін тарту етіледі. Биылғы байқауға 15 бағыт бойынша 213 үкіметтік емес ұйым қатысса, іріктеу кезеңіне оның 189-ы өткен. Соның 54-і жеңімпаз танылды.  -Қасиетті Қарағанды өңірінде баршаңызбен дидарласып  отырғаныма қуыныштымын. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына сапарында «Қарағанды – тқан болатын.Шынында, алыптар мен арыстардың мекені Қарағаншы  жақсы істер мен игі басталардың басында тұрады. Бүгінгі  өтіп жатқан шара сол игі дәстүрдің  жалғасы іспеттес.

Әділетті Қазақстанның негізгі өзегі – азаматтық қоғам десек, үкіметтік емес ұйымдардың нәтижелі жобалары елдің дамуыына серпін берері сөзсіз.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялады. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілгені белгілі. Үкіметтік емес ұйым өкілдеді халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да, біздің негізі мақсатымыздың бірі – олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсету, көтерілген мәселенің шешімін табуына жағдай жасау. Мемлекеттің  азаматтық қоғам институтына  қатысты тиімді жұмысының арқасында  бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың 5 есеге артып, олардың саны 23 мыңға жетті.Соңғы 18 жылда  әлеуметтік мемелкеттік тапсырыс көлемі  аймақтарда 100 пайызға ұлғайды. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін көрсетеді,  – деді Дархан Қуандықұлы. 

Бұл марапатты бүгінге дейін 300-ге жуық ұйым иеленген екен. Биыл байқауға қатысқан ұйымдарды сараптаған қазылар алқасы да жаңарған. Сонымен, әлеуметтік бастамалар мен белсенділіг үшін еліміздің әр өңіріндегі түрлі үкіметтік емес ұйымның 54 өкілі жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздардың  21,8 пайызы – әлеуметтік осал топтарын қолдаудағы, 12,7 пайызы – білім, 10 пайызы –  ақпарат, дене шынықтыру, спорт саласындағы, 10,9 пайызы – халықты жұмыспен қамтудағы, 9 пайызы – жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағытындағы, 15 пайызы –  ауылдық үкіметтік емес ұйымдар.

Жалпы елдің бар өңірінде 52 азаматтық орталық жұмыс істейді. Ол   орталықтар үшінші сектор әлеуетін арттырып, үкіметтік емес ұйымдарға  бір терезе  қағидаты бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Осы  шара аясында үкіметтік емес ұйымдардың жобалың  портфелі 15 мыңға дейін өсті.

Сонымен бірге, Дархан Қыдырәлі министрлік тарапынан азаматтық сектормен жұмыс істеу, ҮЕҰ-мен жобалық ынтымақтастықты трансформациялау бойынша бірқатар бастамалар қолға алынғанын айтты. 

         «Үкіметтік емес ұйымдарды қаржылай қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша заң қабылданды. Заң аясында қоғаммен жұмыс істейтін жаңа мемлекеттік қолдау тетігі – стратегиялық әріптестік енгізілді. Ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленді. Гранттық қаржыландыру жүйесін ауылдық қоғамдық ұйымдардың сұранысына бейімдеп, жеңілдетілген режим ұсынылды. «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы әзірленді», – деді Дархан Қуандықұлы.

         Министрдің сөзінше, саладағы басты стратегиялық құжат – елдегі үкіметтік емес секторды дамытудың жаңа векторын қамтитын азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асып жатыр. Волонтерлық қызметті дамыту арқылы азаматтық белсенділікті арттыру шаралары қабылдануда.

Ten Qogam – көмекке әзір

Марапаттау салтанатына дейін министр Қарағанды қаласындағы  Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығының ашылуында, одан соң Мүгедектердің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған шарада болды.

Кеше ғана есігін айқара ашқан Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша Qamqor plus мүгедектер қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ашылды. Он екі маман мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық қажетті ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетуге дайын.

-Бүгінде Қарағандыда 25 мыңнан астам мүгедек адам тұрады. Біздің жобаның басты мақсаты – оларды әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттандыру және кеңес беру. Біз әлеуметтік бейімделуге, Мемлекеттік қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеуге, оңалтудың техникалық құралдарын таңдауға көмектесеміз. Біз әлеуметтік қызметтер порталы жұмысының қыр-сырын түсіндіре аламыз. Біздің орталықта заңгер мен психологтың кеңестері де қолжетімді, – деді орталық басшысы Аслан Қабегенов. Орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар. Қызметкерлер онлайн және офлайн форматта да көмекке дайын.

Мақсат – инклюзивті қоғамды дамтыу

Бұдан соң министр Мүгедектердің халықаралық күніне орайластырылған шараға қатысты. 3 желтоқсан БҰҰ ұйғарымы бойынша Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күні болып жарияланған. Бұл атаулы күннің мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға тең құқылы азамат ретінде араластыру.  Елімізде мүгедектігі бар жандардың  құқығын қорғау  және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бар.  Мүгедектіктің алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту бүгінде қоғамның басты назарында.

Расында, қоғам бұл күні  мүгедек адамдардың мүддесін қорғауға әзір. Соның ішінде, мыңдаған  үкіметтік емес ұйымдар жергілікті билікпен бірлесе, осы санаттағы азаматтардың  өмір сүруін жақсартуға барынша жағдай жасауды мақсат тұтқан.

Деректерге сүйенсек, аймақта 55 мыңнан астам мүгедек бар. Ол облыс тұрғындарының 5 пайызға жуығы. Облыс бюджетінен оңалту  құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 1 млрд.теңге қаржы бөлінген. 2021 жылдан басьтап, мұндай құрал-жабдықтарды «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тапсырыс беріп, алуға  мүмкіндік жасалған.

– Өмірдің қиындықтарына мойымай, мәселелердің шешімін табуына үлес қосып жүрген жандар бүгін ортамызда. Сіздердің бойларыңыздағы қайсарлық, өмірлік ұстаным біз үшін зор өнеге. Сіздер облыстың ең белсенді азаматысыздар. Облыста 55 мыңнана сатм мүгедек азаматтар тұрады. Оларға түрлі мемелкеттік қолдау көрсетіледі, деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

2022 жылы 25 мың осындай қазетті құралмен, қызмет қамтылған. Бүгінде аймақта арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 70 ұйым бар. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мұндай қызмет түрі 9 мыңнан астам адамға көрсетілген. Облыста 84 төсек орны бар бір бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Онда жыл басынан бергі 724 адамға қызмет көрсетілді.

Аймақта мүгедектермен жұмыс жөнінде әкім кеңесшілері бар. Мүмкіндігі шектеулі 4 тұлға жергілікті билік ұйымдарға ұсынылған. Облыстың 11 өңірінде «Инваткаси» – тегін көлік тасымалы жолға қойылған.

Министр Дархан Қыдырәлі сөз кезезігнде елде инклюзивті орта құру үшін қандай жұмыстардың жүйесін тапқанына тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Инклюзивті, ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құру бастамасының басты идеясы – Equality, яғни, теңдік деп ойлаймын Бұл тұрғыда мүгедектігі бар адамдарды қолдауда жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына және халықтың осы санаты басқалармен тең өмір сүруі, жұмыс істеуі және оқуы, қоғам өміріне еркін араласуы, шешімдер қабылдауы үшін кедергілерді жоюға бағытталған іс-шаралар жүзеге асып жатыр.

Осы жиын алдында Жеңіс Махмұдұлымен барып көрген «Тen Qogam» әлеуметтік бейімдеу Орталығы соның бір көрінісі деп айтуға болады. Әріптестердің жұмысына сәттілік тілеймін, – деді министр.

Ал аймақта азаматтық ұстанымдарымен әлеуметтік мәселелер түйінінің шешілуіне мұрындық болған бірқатар үмкітетік емес ұйым өкілдеріне марапаттар табысталды.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ,

Ortalyq.kz