Бас тақырыпРесми

Әлеуметтік әлсіз топтар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі

Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессяисында әлеуметтік әлсіз топтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік тапсырыс негізінде үнемделген қаражатты қосымша медициналық препараттарды сатып алуға жұмсамақ. Басқармасы басшысының орынбасары Әсел Тұяқованың айтуынша, 2019 жылы сирек кездесетін дертке шалдыққан 1340 науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 424 миллион теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырыс қорытындысы бойынша 126 миллион теңге үнемделіпті.

Қазіргі таңда псориаз, Крон сырқаты, склеродермия тәрізді қымбат дәрі-дәрмекті қажетсінетін ауру түрлері анықталды. Әлеуметтік әлсіз топтарда оларды сатып алу мүмкіндігі жоқ. Аталмыш сырқат түрлерін емдеу үшін жалпы соммасы 11,5 мың теңге болатын медициналық препараттар сатып алу қажет. Ол үшін басқарма мемлекеттік тапсырыс негізінде үнемделген қаражатты жұмсайды, қосымша бюджет шығындары талап етілмейді, – деді Әсел Тұяқова.

Халық қалаулылары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасына қолдау білдіріп, әлеуметтік әлсіз топтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасын бірауыздан мақұлдады.

Басқа материалдар

Back to top button