Руханият

Кітап – білім бұлағы

Адамдар адамдық асыл қасиеттерді араласқан жақсы ортадан, оқыған әдеби кітаптардан, өмір заңдылықтарынан үйренеді. Халқымызда «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер» деген тамаша мақал бар. Көркем әдебиетті көп оқыған адамда ой санасының әсемдігі мен жан сарайының кеңдігі байқалады. Адам үшін саналы еңбек жасау қажеттілік болса, жастық шақтан осыған қалыптастырып, өзін жақсылыққа тәрбиелеген адам білгір, рухы биік парасатты жан-жақты маман болып шығары сөзсіз. Осындай, өз ортасында білімімен, жайдары ашық мінезімен өнеге көрсетіп жүрген аяулы жандар бар арамызда.

Сурет: автордан

Соның бірегейі Алматы каласындағы Қазақ мемлекеттік қыз­дар педагогика институтының кітапханатану және библиография факультетін бітірген Гүлайым Жылтыбаева бір кездері Қарағанды қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада көп жылдар бойы кітапханашы, қызмет көрсету және өлкетану бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

«Туған жерім – тұғырым» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубы ашылып, кітапханаға ересек жастағы адамдар оқырмандар болып келе бастады. «Көзкөргендер», «Поющие сердца» вокалды топтар және «Қарымды қаламгер» деген атпен белгілі журналистермен тамаша кездесулер болып өтті. «Караганда: Вчера. Сегодня. Завтра» деген бейнежазба көрсетіліп, оған алпыс адам катысып өзгеше бір жаңа леп пайда болды. Клуб меңгерушілері Л.Зазуля мен Х.Карикбаевтар белсенділікпен көптеген жұмыстар атқарды. Сонымен бірге, бірінші республикалық Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндер орындаушылары конкурсының жүлдегерлері қатысқан «Үнің кетпес құлақтан» деген ретро-шоу да көрермендер мен оқырмандар арасында­есте қаларлықтай керемет әсерлі өтті. Сол кездегі жаңашыл, жақсылыққа жаны құмар басшы Абылай Шуланбаевтың еңбегін де атап айту қажет.

Кітапхана білімдер мекені десек, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам…» жерлесіміз физик-математик, профессор, ғалым Темірғали Әбділдаұлына арналған «Ғасыр адамы» атты кездесу де болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқырман жастарды жерлес, шет елге танымал ғалым «ХХ ғасыр адамының» өмірбаянымен, шығармашылық қолжеткен табыстарымен және оқиға деректерімен таныстырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Бұл күндері Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде кітапхана меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып жүрген өз мамандығының білгірі.

Рымтай ШӨКЕЙҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
ҚАРАҒАНДЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button