АбайАймақ

Кеншілер күнін абайлықтар да атап өтті

Абай да кеншілер қаласы болып саналады. Мұнда 3 мыңдай адам көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек етсе, соның ішінде 1080 адам осындағы “Абай” шахтасында, 520 адам “Шығыс” орталық байыту фабрикасында, қалғандары Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларының шахталарында жұміс істеп жүр.

Кеншілердің кәсіби мерекесі күні абайлықтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚарМет компаниясының басшысы Басин арнайы келіп, құттықтады.

Мерекелік салтанатта эстрада жұлдыздары Раим, 101 тобы, Шиза өнер көрсетіп, қала басында футбол, волейбол, жүгіруден жарыстар, мектеп жәрмеңкесі, балалар үшін түрлі ойын-сауық ұйымдастырылды. Сондай-ақ мерекелік сауда да қызып, көрме көрсетілді.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button