Бас тақырыпСпорт

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл шешімді УЕФА Атқарушы комитеті қабылдап, ресми түрде хабарлады. Бұл Қазақстан тарихындағы УЕФА Суперкубогы алғаш рет елімізде өтетін ерекше оқиға болмақ. 

Сурет УЕФА

Суперкубокта Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының сол маусымдағы жеңімпаздары кездеседі. Осылайша, Астана алғаш рет Еуропа клубтық футболындағы маңызды матчтардың бірін өткізбек. 2028 жылғы Суперкубоктың нақты өтетін күні кейін жарияланады. 

Сонымен қатар, УЕФА 2028 және 2029 жылдардағы бірқатар еурокубок финалдарының алаңдарын бекітті. 2028 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мюнхенде, Еуропа лигасының финалы Бухарестте, Конференция лигасының финалы Туринде өтеді.

2029 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында ұйымдастырылады.

Ауқымды халықаралық турнирді жоғары деңгейде өткізу үшін елімізде дайындық жұмыстары да қарқынды жүргізілмек. Бұл ретте «Астана Арена» стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту қарастырылған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: УЕФА

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button