Бас тақырыпЖаңалықтар

Нұрлан Әбдіров ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Суретті түсірген Виктор ФЕДЮНИН

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын және Джордж Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамға арналған төрт айлық курсты тәмамдаған.

Заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982–1997 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды. Кейін Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясында, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде және Әділет министрлігінің тиісті комитетінде басшылық қызметтер атқарды.

2002–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығында түрлі лауазымдарда, оның ішінде меңгерушінің орынбасары және хатшының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2009–2020 жылдары Парламент Мәжілісінің төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.

2020 жылы Сенат депутаты, кейін Сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы 25 қаңтарда Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып алғаш рет тағайындалған еді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button