АймақБас тақырып

2027 жылғы жаңа Hyundai Tucson Қазақстанда шығарылады

Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана Моторс» ЖШС мен Hyundai Motor Company арасында жаңа Hyundai Tucson моделін өндіру туралы құны $67 млн болатын келісімге қол қойылды. Hyundai Motor Company Қазақстанға жаңартылған Hyundai Tucson моделін өндіру үшін жаңа технологияларды шағын торапты әдіспен береді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа модельді өндіруге қажетті технологиялар Қазақстанға берілетінін атады.  Жоба Кореямен жасалған $67 млн келісім аясында іске асады. 

Сурет Ақорда

– Бүгінде Қазақстанда Hyundai Tucson автокөлігі жоғары деңгейдегі локализациялау бойынша өндіріліп келеді. Әлемдік тұсаукесер аясында модельдің жаңа нұсқасы таныстырылды. Компания модельдің технологиялық платформасын айтарлықтай жаңартқан. Қазақстанның осы жаңа технологияларға қол жеткізуі автомобиль өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болып саналады. Тұтынушылар үшін бұл – Қазақстанда шығарылған Hyundai Tucson-ның дәл осы жаңа нұсқасын сатып алу мүмкіндігі, – деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button