Бас тақырып

Кеңес Жұмабеков – «Қазақстанның халық әртісі»

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабековке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Сурет К.Жұмабековтің жеке мұрағатынан

Жерлесіміз Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңлікгүл» театр сыйлығының лауреаты, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

1968 жылы Қазақ драма театрының жанындағы студияны бітіріп, сол жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында «Әке тағдыры» спектаклінде Жеңісбек рөлінде дебют жасады.

Кеңес Жұмабеков Қозы, Жантық (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), Жапал, Нарша (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз»), Жан (О. Бөкеевтің «Менің құлыным»), Ғани (А. Сатаевтың «Дала жастары») Ақ-жігіт (М. Кәрімнің «Ай тұтылған түні»), Малкольм (у. Шекспирдің «Макбеті») және тағы да басқа драмалық және комедиялық рөлдерді сомдаған.

Одан бөлек, драматург ретінде де танымал. Оның «Замана неткен тар едің», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Ата парызы» пьесалары бойынша Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық театрларының сахналарында спектакльдер қойылды. Ол діни сауатсыздық мәселелеріне арналған «Адасқандар» драмасын жазған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button