Бас тақырып

Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Биыл ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары 7,7%-дан 57,3%-ға қымбаттады. Осыны ескере отырып бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Олар бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ortalyq.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың шағымдары бойынша агенттік ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарларының шарттарына және бағалардың өзгеру қарқынына талдау жасады.

– 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпарат жариялап, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтік жоспарлар бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын елеулі қымбаттатқан, – деп хабарлады агенттіктегілер.

Күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілерінің бірнеше рет анықталуына байланысты «Kcell» АҚ, «МТ-С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.

Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button