Жаңалықтар

Көлік ұрысы құрықталды

Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан аудандық полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігін ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Келтірілген шығын сомасы 1,6 млн теңгені құрады.

сурет: Ә.Бөкейхан аудандық полиция бөлімінен

Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің көлігін ұрлағанын мойындады. Автокөлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің басқа да автокөлік ұрлықтарына қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button