Іздегенге – жұмыс бар

   «Жұмыспен қамтудың жол картасы» – бұған дейін қабылданған әлеуметтік бағыты бар мемлекеттік бағдарламалардың лайықты жалғасы саналады. Оның құрамында дағдарысқа қарсы әрекет ететін механизм, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, сонымен бірге, болжау және мониторинг жұмыстарын жүргізу, жұмыссыз және өздігінен жұмыс жасайтын тұрғындарды жұмыспен қамтуға ат салысуға тарту шаралары бар. Жезқазғанда Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағыт аясында 2012-2016 жылдар аралығында жеті жоба аяқталды. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 62 адам жұмысқа орналастырылды. Биыл қыркүйекте білім беру саласы бойынша 9 жоба өз мәресіне жетті. 46 жаңа жұмыс орны ашылып, 23-іне жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған тұлғалар алынды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 мектепке дейінгі мекемелерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Кәсіпкерлікті және тірек болар ауылдарды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу» атты екінші бағыт аясында 2012 жылдан бері бағдарламаға қатысушы 102 азамат шағын несиелендіруге ие болды. 117 жезқазғандық азамат кәсіпкерліктің негізі туралы тегін курстардан өтті. Шағын несиеге ие болғандар жаңадан 112 жұмыс орнын ашты. 2016 жылы «кәсіпкерлікті ынталандыру» атты бағдарламаның екінші бағыты аясында қатысушыларды шағын несиемен қамтамасыз ету үшін 45 млн. теңге бөлінді. 1 қазанға дейін 41,3 мың теңге игерілді. Жұмыссыз және өздігінен жұмыс жасайтын қалалық және оған жақын орналасқан Кеңгір, Талап және Малшыбай ауылдарының 24 тұрғыны өз істерін бастау немесе кәспкерлігін дамыту мүмкіншілігіне ие болды. Сөйтіп, жаңа жұмыс орындары да ашылды деген сөз. 10 адам кәсіпкерліктің негізі туралы тегін курстарда білім алды.

«Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға әрекеттесу» атты үшінші бағыттың бірінші бөлігін жүзеге асыру аясында 217 қала тұрғыны кәсіптік оқытумен қамтылды.

2016 жылы 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қаланың түрлі мекемелері мен кәсіпорындарында 77 студент жастар тәжірибеден өтуде.

2016 жылы Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығына бар болғаны 439 адам қатысты. Бағдарламаға қатысуға 439 адам ниет білдіріп, өтініш жазды. Олардың 90%-ы (396 адам) жұмыссыздар, өздігінен жұмыс жасайтын тұрғындар – 6,4% (28 адам), аз қамтылғандар – 0,5% (2 адам), әйелдер – 51% (224 адам), 29 жасқа толмаған жастар саны – 55,1% (242 адам), ҚР Қарулы күштері қатарынан босатылғандар қатысқан жоқ, түрмеден босатылғандар – 0,7% (3 адам), зейнеткерлер, жалпыға бірдей жас мөлшерінен бұрын зейнетке шыққандар өтініш білдірмеді. Жоғары және орта білімі бар түлектер саны – 3,2% (14 адам).

«Кәсіпкерлікті және тірек болар ауылдарды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу» бағдарламасының үшінші бағыты аясында 20 адам «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша қайта даярлау курсына жіберілсе, тағы 11 адам «Аспаз» мамандығын игереді.

Осы жылдың қыркүйек айынан бері «Сәтбаев индустриялдық колледжінде» 10 жезқазғандық азамат кәсіби дайындықтан өтуде. Республикалық бюджеттен 18-24 жас аралығындағы 15 жалдамалы жұмыскерді, 55-64 жас аралығындағы 12 білікті маман мен 6 қала тұрғынын оқытуға қосымша қаражат бөлінді.

2016 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 63 адам жіберілді. Қаланың жұмыс берушілерімен алдын ала 11 келісім-шарт жасалды.

77 ұл-қыз қала кәсіпорындары мен мекемелерінде жастар тәжірибесінен өтуде. Бұл – жоғарғы оқу орындар мен колледждерді тәмамдап, өз салаларында еңбек тәжірибесі жоқ түлектердің оқу орнын аяқтағаннан кейін өз қабілеттерін көрсетіп, әрі қарай жұмысқа орналасуына деген үлкен мүмкіндік.

Адамдар жұмыспен қамту орталығына өмірлік қиын жағдайларды еңсеріп, еңбек нарығында өз орындарын табу үшін келеді. Бөлім меңгерушісі Гүлшат Жұмбаеваның айтуынша, орталық мамандары азаматтардың жаңа мамандықты оқуға және жұмыс істеуге деген ынталарын арттыруға бар күш-жігерлері мен біліктіліктерін жұмсайды.

Сонымен бірге, әр тоқсан сайын Жезқазғанда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл жәрмеңке – тұрғындар үшін жанға жағымды жаңа жұмыс орнын табуға, ал, кәсіпорынның, мекеме мен ұйымның қызметкерлер жөніндегі мамандары үшін болашақ жұмыскерлермен әңгімелесуге, оның кәсіби дайындық деңгейін, тәжірибесі мен икемділігін анықтауға үлкен мүмкіндік жасайды.

Валентин ШИПУНОВ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.