Жезқазған

Жиһангезге Жезқазғаннан пәтер берілді

72 жастағы ұлытаулық жиһангез Сәрсенбай Қотырашов алты ай ішінде мұқым елді жаяу аралап, мақсатына жетті. «Ortalyq Qazaqstan» газеті ақсақалдың саяхаты жайлы көзіқарақты оқырманға хабардар етіп келді, деп хабарлайды Ortalyq.kz

Жиһангез ұзақ жолғы сапарын 30 наурызда Ұлытаудан бастап, батысқа табан тіреп, 8000 шақырымды жаяу жүріп өтті.

Ал кеше Ұлытауды бүкіл елге танытқан жиһангез Сәрсенбай Қотырашовқа құрмет көрсетіліп, «Қазақмыс» компаниясы жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерді сыйға тартты.

«Бұл шынымен керемет жетістік! Баршамыз БАҚ арқылы сіздің сапарыңызды бақылап, сәттілік тілеп, денсаулығыңызға алаңдап, ортамызға оралғаныңызды тіледік. Сіздің бұл ісіңіз – жас ұрпақ үшін қашан да үлгі. Қазақмыс компаниялар тобының басшылығы атынан сізді шын жүректен құттықтағым келеді. Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ өмір және сарқылмас қуат тілейміз. Осы ерлігіңіз үшін Жезқазған қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаймыз», деп құттықтады «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button