Нұра

Өңірде – қызу науқан

     Облыс әкімінің орынбасары Ш.МАМАЛИНОВ көктемгі егіс науқанымен танысу мақсатында Нұра ауданындағы Ақмешіт, Мыңбаев, Шахтер ауылдарында болды.

Ақмешіт ауылдық округінде орналасқан «Альдеран», «Жартас», «TAS – 20041» шаруа қожалықтары биыл 440 гектарға картоп егіп, былтырғымен салыстырғанда егіс көлемін 107 гектарға ұлғайтты. 1100 гектарға қыша тұқымы себілуде.

Мыңбаев ауылында аудан әкімі Н.Омарханов пилоттық жоба шеңберінде орнатылған сүт қабылдау пунктін көрсетіп, Киевка кентінде ветеринариялық учаскенің жұмысын, аудан орталығында атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары «Шах­тер­ское» серіктестігіндегі көкөніс қоймасына назар аударды. Іргелі шаруашылық егіс науқанын аяқтап қалған. Ал, картоп егуді 200 гектарға жеткізуді қарқынды жүргізіп, алдағы уақытта тағы бір көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр.

Сүлеймен САТЫБАЛДИН,

аудан әкімінің

баспасөз хатшысы.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button