Бас тақырып

Игі істе белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ә.Сағы- нов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аумағына 300 ағаш көшеті егілді. Акция «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы мен «Asia FerroAlloys» ЖШС тығыз ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты.

Суретті түсірген Ж.ИМАНӘЛИЕВ

– Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні бар шара.

Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті. Табиғат – ортақ құнды байлық. Бұл орайда басты мақсат тұрғындарды қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру. Бұл шара елімізді көркейтіп, жастардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастырады.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, көктем шығысымен аумақты көкжелекке айналдыруға атсалысып, көшет отырғызуда белсенділік танытып жүргендерге алғыс білдіреміз, – деді Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева.

Айта кеткен жөн, оқу орны «Asia FerroAlloys» ЖШС STM департаментімен ұзақ уақыт бойы ынтымақтастық орнатқан. Кез келген саладағы технологияның дамуы – тек ғылым мен өндірістің ажырамас байланысы арқылы мүмкін екендігін алға тартқан ғалымдар бірлесу нәтижесінде жоғары өндірістік-технологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізді.

– Соңғы жылдары «Asia FerroAlloys» ЖШС Қарағанды қаласында индустриялық-инновациялық өнеркәсіп нысандарын салу жобаларының бастамашысы және орындаушысы атанып жүр. Кәсіпорын басшылығы жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім алуды қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаны қорғауға, Қарағандыны көріктендіруге үнемі көңіл бөліп келеді.

Компаниямен бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Түлектерді жұмыспен қамту, оқу үдерісінің сапасын арттыру, өндірісте сабақ өткізу, экскурсиялар, өндірістік және диплом алды тағылымдамалар, зауыт базасында дипломдық жобаларды орнында қорғау бойынша тығыз қарым-қатынаста.

Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды шақырамын, – деді «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының меңгерушісі Дастан Әубәкіров.

Бүгінгі таңда «Asia FerroAlloys» ЖШС – қара металлургия саласында жұмыс істейтін инновациялық кәсіпорын. Ферроқорытпа өндірісімен қатар металл өңдеу, агломерация, сонымен бірге, көмірді байытуды жүзеге асырады.

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button