АймақТеміртау

Халық қатысатын жоба

Теміртау қаласында 20 қаңтардан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстар қабылдау басталды. Бұл жобаның арқасында қала тұрғындары өз елдімекенін сәулеттендіру мен дамытуға атсалысып, өз идеяларын тиянақты жобалай алады. Оны жасау үшін интернеттен қажетті кескіндемені алып, шамамен оған кететін шығынды көрсету керек. Халықтан жобаға қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады.

Теміртау қалалық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Айгүл Дүйсенбаева ол туралы былай дейді: «Жобаға қатысу үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қала әкімдігінің сайтына жобалық ұсыныс түсіру керек. Олар мынадай талаптарға сай болуы тиіс: нысан жалпы қолданыста, қала аумағында, коммуналдық меншіктегі жер телімінде болып, идеяның жүзеге асырылуы қалалық әкімдіктің құзыреті шегінде болғаны жөн.

Осы жоба қолға алынғаннан бері Теміртау қаласында балалардың 2 ойын алаңы мен Бауыржан Момышұлы даңғылы бойында гүлзар іске қосылған. Ал, биыл жүзеге асырылатын тағы бір жоба бойынша 70-орамдағы гүлзар абаттандырылатын болса, тұрғындардың ендігі жаңа идеяларына 55 миллион теңге бөлінген.

Айгүл Дүйсенбаеваның айтуынша, ол аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды төсеу мен жөндеу, көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс салатын ыдыстар орнату, ойын алаңдарын реттеу, тағы да басқа жұмыстарды қамтымақ.

Бұл жобалар іріктелген соң қала тұрғындары соның ішінен өздеріне ұнаған идеяларға таңдау жасап, 5-23 сәуір аралығында қала әкімдігінің сайтында дауысқа салады. Осыдан кейін сараптама комиссиясы мақұлдаған жобалар 2025 жылы жүзеге асырылатын болады.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button